Ресейде жүк пойызы рельстен шықты

14 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: әлеуметтік желі

Ленинград облысында бос цистерналар тіркелген тепловоз рельстен шыққанын облыс губернаторы Александр Дрозденко Telegram-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Лужск ауданы, Строганово – Мшинская аралығында болған.

«Рельстен 15 бос цистерна тіркелген тепловоз шығып кетті. Құрбандар жоқ. Пойыз қозғалысы екі бағытта да тоқтатылды. Он электричканың қозғалысы кідірді», – деп жазды аймақ басшысы.

Оқиға орнына Санкт-Петербургтен екі апаттық-қалпына келтіру пойызы жіберілген.

Дрозденконың айтуынша, тергеушілер диверсия нұсқасын тексеретін болады.
 

Тэгтер:

ресей пойыз диверсия