13 қыркүйек кешке милиция қызметкерлері Қой-Таш ауылындағы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың резиденциясына барған. Оның ұлы Қадырбектің айтуынша, есікті «болгаркамен» қиып, отбасының мүлкін көшеге шығарып тастаған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Атамбаевтың отбасы бұл олардың жалғыз баспанасы екенін айтып, жағдайды заңсыз деп санайды. Қадырбек пен оның қарындасы Әлия Шағиева енді туыстарының қолында тұрып жэатқанын мәлімдеді.
Билік болса, Қой-Таштағы үй мен жер телімі 2019 жылғы оқиғалардан кейін сот шешімімен мемлекет меншігіне өткенін алға тартады. Ол жерде қарттар үйі мен балабақша салу жоспарланған.
Еске сала кетейік, биыл маусым айында Алмазбек Атамбаев сырттай 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылған еді. Экс-президент Қырғызстанды 2011–2017 жылдары басқарған, ал соңғы жылдары бірнеше қылмыстық іс бойынша айыпталушылар қатарында болды.