Дәл қазір Алматы облысында қоқыс полигоны өртеніп жатыр

Бүгін, 13:25 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Төтенше жағдайлар департаменті дәл қазір Алматы облысында қоқыс полигонындағы өртті сөндіруге күш жұмсап жатқандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Алатау қаласына қарасты Әли ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс жанды. Өрт сөндіру орнында жерді рекультивациялау, топырақпен көму және өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», – деп хабарлады ТЖМ.

Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және полиция департаментінің күштері мен техникасы жұмылдырылған.
 

Тэгтер:

Алматы облысы өрт ТЖД қоқыс полигоны