Павлодарда оқушылар химиялық қоспадан күйіп қалды

Бүгін, 15:57 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Павлодарда №37 мектептің жеті оқушысы химиялық күйікке шалдықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Мектепке төтенше түрде өрт сөндірушілер, құтқарушылар және ТЖМ-нің Төтенше медицина орталығының бригадасы келді. Үй жағдайында жасалған қоспадан оқиға болып, жеті оқушы зардап шекті. Бөтелкенің ішінде жарылысқа ұқсас дыбыс шыққан. Орталық қызметкерлері бір оқушыға алғашқы көмек көрсетті, қалғандарына жедел жәрдем қызметі қарағаннан кейін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деді Павлодар облысы ТЖД дүйсенбі күні.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақыру 15 қыркүйек күні сағат 12:49-да түскен. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы барған. Зардап шеккен жеті оқушының қолы, беті мен көзі күйген. Олар «крот» (тұрмыстық химия), «мохито» сусыны мен фольгамен ойнаған кезде жарақат алған.

Ауыр жарақат алғандар жоқ.
 

Тэгтер:

Павлодар оқушылар химия күйік шалды