Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 5,1%-ға қысқарды

Бүгін, 16:25 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

2025 жылғы қаңтар–шілде аралығында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға төмендеді, деп мәлімдеді ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2025 жылдың қаңтар–шілдесінде Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы $16,2 млрд құрап, 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға азайды», – делінген кестеде.

Экспорт көлемі 11%-ға қысқарып, $5,5 млрд болды, ал импорт 1,7%-ға азайып, $10,7 млрд құрады.
 

Тэгтер:

ЕАЭО импорт экспорт тауар айналым