"Шындығымыз осы": Сәкен Майғазиевтің әйелі елден жасырған құпиясын жайып салды (ВИДЕО)

Бүгін, 17:08 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Қазақстанның белгілі әншісі Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динара Майғазиева жанкүйерлерін ерекше әсерге бөледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әншінің жары Instagram желісіндегі парақшасында бейнежазба жариялап, студенттік кездерін еске алды. Ол ертеректе армандаған отбасы өмірінің бүгінде шынайылыққа айналғанын айтып, бақыттың мәнін түсіндірді.

"Бір кездерде, біз қиялдаған отбасылық өмір – бүгінгі шындығымыз. Аллаға шүкір. Бақыт деген осы шығар – сен армандап, Алла қалаған сәтте орындалуы. Сіздерге де армандарыңыз орындалып, бақытты отбасы нәсіп етсін", – деп жазды Динара Майғазиева.

Жұлдызды жұптың жазбасы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары оларды үлгілі отбасы деп бағалап, ұзақ ғұмыр мен баянды өмір тіледі.

"Керемет жандарсыздар, Алла екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Бізге де сіздердің жолдарыңызды берсін", – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Оқырмандар жұптың бір-біріне деген сыйластығын, Динараның сұлулығын ерекше атап, олардың жанұясын көпке өнеге деп атады.

Тэгтер:

сәкен майғазиев Динара Майғазиева