Бүгіннен бастап, 16 қыркүйектен бастап, некеге мәжбүрлеу ресми түрде қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мұндай әрекет үшін 2000 АЕК-ке дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Егер мұндай қылмыс ауыр зардаптарға әкелсе, жаза мерзімі 5 жылдан 10 жылға дейін болуы мүмкін. Ал кәмелетке толмағандарға қатысты, бірнеше адам бірігіп жасаған немесе зорлық-зомбылықпен жүзеге асқан жағдайларда жаза одан да қатаң болмақ.
Бұған дейін жәбірленушіні өз еркімен босатқан жағдайда айыпты адам жауапкершіліктен құтыла алатын. Енді бұл норма алынып тасталды – жазадан ешкім құтылмайды.