Шұғыл хабар! Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты тың дерек шықты

Бүгін, 12:31 / Arasha.kz
facebook.com/bobek.samopoznanie. Суретте: Сара Назарбаева

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева бес айдан бері Президент іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем алып жатқаны хабарланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

BES.media жолдаған ресми сауалға жауап берген аурухана өкілдері Назарбаеваның шынымен де госпитальде жатқанын растаған. Сонымен қатар, оның нақты жағдайы туралы дерек дәрігерлік құпия саналатынын атап өткен.

"Науқас Ұлттық госпитальде белгіленген медициналық стандарттарға сәйкес тәжірибелі мамандардың бақылауымен ем қабылдап жатыр", – делінген аурухана директоры Асхат Бралов қол қойған ресми жауапта.

Сонымен бірге құжатта "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 273-бабына сәйкес, пациенттің диагнозы, денсаулық жағдайы, қолданылған емдеу тәсілдері мен нәтижелері құпия ақпарат болып табылатыны көрсетілген. Мұндай мәліметтер тек науқастың рұқсатымен немесе заңда көзделген ерекше жағдайларда ғана жария етілуі мүмкін.

Тэгтер:

Сара Назарбаева