БҰҰ комиссиясы Газа секторындағы соғысты геноцид деп таныды

Бүгін, 14:16 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

БҰҰ комиссиясы «Израиль билігі палестиналықтарды жоюға есептелген жағдайларды әдейі жасады» деген ойда, деп хабарлайды Arasha.kz.

Есептен үзінді: 

▪️ «2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израиль қауіпсіздік күштері әдейі дүрбелең мен террор жағдайын туғызып, Газа секторындағы палестиналықтарға қатты қорқыныш сезімін сіңірді».

▪️ «Израиль қауіпсіздік күштерінің әскери операциялары салдарынан физикалық және моральдық тұрғыдан зардап шеккен палестиналықтар ұзақ мерзімді, соншалықты ауыр зардаптарға ұшырайды, олар енді қалыпты әрі нәтижелі өмір сүре алмайды».

▪️ «Жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық кеңінен әрі жүйелі түрде таралып, 2023 жылғы 7 қазаннан бері палестиналық топтағы ерлер мен әйелдерге қатысты әртүрлі формада жасалды».

▪️ «Комиссия Израиль билігі Газа секторындағы палестиналықтарды жоюға есептелген өмір сүру жағдайларын әдейі әрі саналы түрде жасаған деген қорытындыға келді».

Израиль СІМ есепке жауап ретінде оны «жалған» деп атап, құжаттың үш авторын «ХАМАС-тың сенімді өкілдері» деп атады.