Шерзаттың атына көше берілуі мүмкін

Бүгін, 16:25 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Шерзат Полатаның отбасылық адвокаты Талғар әкіміне қаза тапқан жігіттің құрметіне бір көшенің  атын беруді ұсынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Адвокат Мейірман Шекеев қаза болған жасөспірімнің құрметіне көше атауын өзгерту жөніндегі үндеуін өзінің Instagram парақшасында жариялады.

«16 жасар Шерзаттың қаны төгіліп, қайтыс болған жердегі  көшелердің атаулары  Менделлев және  Русставелли деп аталалы. Екеуіде Талғарға, тіпті Қазақстанға еңбек сіңірген қазақ тұлғалалары  емес. Кеңес өкіметінен қалып қалған. Сондықтан мен Талғар қаласының әкімі Арыстан Бауырыма Менделеев көшесін марқұм Шерзаттың атымен атауын ұсындым. Ол ұсынысыма мүмкіндігінше қолдау білдіретінін жеткізді», - деп жазды адвокат.

Айта кетсек, бұған дейін Шерзаттың отбасына қазан айының ортасына дейін жаңа үй салып берілетіні туралы ақпарат тараған. Ол үй отбасының 2024 жылдың күзінде өртеніп кеткен ескі үйдің орнына салынбақ.

Тэгтер:

көше адвокат Шерзат Полат Мейірман Шекеев