Сот Ермегияевті мерзімінен бұрын босатудан тағы бас тартты

Бүгін, 18:26 / Қайсар Қалам
Сурет: Informburo.kz

Бүгін Қонаевта Алматы облыстық соты «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевке шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан тағы да бас тартты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Адвокат Анар Құсайынова соттың бұл шешімін әділетсіз деп атап, оның қорғауындағы адамның ең жоғары — «үшінші дәрежелі» оң мінез-құлық деңгейіне ие екенін айтты. Сондай-ақ Ермегияев қамауда болған уақытында үлгілі тәртібі үшін жеті марапат алғанын еске салды.

Құсайынова бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысына жүгінетінін мәлімдеп, Ермегияевке қатысты бейресми тыйым болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.

ЭКСПО-2017-нің бұрынғы басшысы 2016 жылы өкілеттігін асыра пайдаланып, 780 млн теңгені ысырап еткені үшін 14 жылға сотталған. Тоғыз жыл ішінде ол 935 млн теңгені өтеген және оң мінездемелер алғанына қарамастан, сот екі рет шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты.
 

Тэгтер:

сот жаза Талғат Ермегияев