Алматыда автокөлік аялдамаға соғылды, бір адам зардап шекті

Бүгін, 09:38 / Қайсар Қалам
Сурет: halyqstan Telegram-каналы

Бостандық ауданында автокөлік аялдамаға кіріп кетіп, нәтижесінде металл тіреудің сынықтары 20 жастағы қыздың денсаулығына зиян келтірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 13:45-те Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Daimler Chrysler автокөлігінің жүргізушісі Назарбаев даңғылы бойымен оңтүстік бағытта Сәтбаев көшесінің солтүстігінде келе жатып, рөлді басқара алмай, алдымен жол жиегіндегі тас бордюрге соғылған. Кейін қозғалысын жалғастырып, батыс жақтағы жол жиегіне шығып, аялдама кешеніне соғылған. Аялдама кешенінің металл тіреуінің сынықтары 20 жастағы жаяу жүргінші қыздың денсаулығына зиян келтірді», – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеуге кірісті.
 

Тэгтер:

алматы жол апаты аялдама