Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова көпшілік алдында ән айтып, әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ілікті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Желіде тараған бейнежазбада Айдарбекова үнді халқының әуенін орындап, әуеннің арасында "Жанымда, жанымда уууу" деп шырқап, би қимылдарын жасағаны көрінеді.
Алайда бұл көрініс көпшіліктің көңілінен шықпаған.
Пікір қалдырушылардың арасында: "Ұлып жатқан сияқты", "Апа, қоя салшы", "Үнділер ренжіп қалмасын", "Ақшаң болса болды – әнші де, жұлдыз да бола саласың" деген секілді пікірлер көптеп жазылған.