Қайғылы жағдай Шет ауданының Бұрма кентіндегі теміржол өткелінде болған. №75 жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Апат салдарынан бір отбасындағы әке, анасы және 24 жастағы ұлы бақилық болды.
«2025 жылғы 17 қыркүйекте сағат 00:54-те Ақадыр – Қарағанды учаскесі Жарық-Дария аралығындағы күзетілмейтін реттелетін теміржол өткелінде 92 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі Mazda маркалы жеңіл автокөліктің жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Соқтығысудын алдын алу мүмкін болмады», - деп мәлімдеді ҚТЖ.