Backstreet Boys тобын Алматыда тақиямен қарсы алды

18 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Музыканттарға әдемі тақиялар мен «Қазақстан» шоколады сыйға тартылды. Бүгін оларға демалыс және қалада серуендеу жоспарланған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде атақты Backstreet Boys тобының Алматы әуежайына келген сәтінен видео тарады. Онда концертті ұйымдастырушылар музыканттардың басына тақия кигізіп, гүл, шоколад беріп қошамет көрсетіп жатқанын көруге болады.

Атақты әншілер тобы 19 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда күтіп отыр. Қала күніне орай өтетін концертке шамамен 27 мың көрермен жиналады деп күтілуде. Дайындық қызу жүріп жатыр.

Алматы әкімдігі хабарлағандай, концертте 2100-ден астам полицей, 500 гвардия әскері және 200 жеке күзет қызметкері жұмылдырылады. Іс-шара алдында аумақты иттері бар кинологтар тексереді.

Концерт күні кептелісті болдырмау үшін Абай даңғылы жабылады. Кезектерді реттеу үшін турникеттер мен «жылан» тәрізді тосқауылдар қойылады. Стадионда дәрігерлер мен өрт сөндірушілер кезекшілік етеді, эвакуация жоспары қарастырылған.

Билетті қайта сатушылармен күреске ерекше көңіл бөлінетіні айтылды.

Сондай-ақ волонтерлердің рөлі талқыланды. Бұл жолы жасы 18-ден асқан 150 ерікті тартылады, әрқайсысына тамақ талондары беріледі.

21 қыркүйекте Backstreet Boys Астанада, «Астана Аренада» өнер көрсетеді. Айтпақшы, елордада ұйымдастырушылар көрермендерді ақ түсті киім киюге шақырса, Алматыда дресс-код — 2000-жылдар стилі болып белгіленген.
 

Тэгтер:

алматы концерт Backstreet Boys