Қазақстан армиясында кезекті қайғылы жағдай

Бүгін, 10:30 / Қайсар Қалам
Сурет: Қарулы күштер министрлігі

Жамбыл облысы Мәтібұлақ ауылындағы 01098 әскери бөлімінде сарбаздың денесі асылулы күйінде табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жігіттің отбасына оның өзін-өзі өлтіргені жөнінде хабарланған, деп жазды Halyqstan телеграм арнасы.

Марқұмның әпкесі, Шымкент тұрғыны Еңлік Қалтаева мәлім еткендей, өткен жылдың күзінде Даниял Шынарбек әскер қатарына шақырылса, көктемде оның егізі Дінмұхаммед те әскерге аттанған.

Жігіттер Отар гарнизонында бірге қызмет етуді қалаған, алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммедті күтпеген жерден 01098 әскери бөліміне ауыстырып, егіздерді айырып жіберген.

Кеше олардың ата-анасына қаралы хабар жетті: Дінмұхаммед асылулы күйінде табылған.

– 29 тамызда оның 19 жасқа толған күні еді. Еңбекқор, мейірімді, болашаққа жоспары бар болатын… Біз қайғыдан қан жұтып отырмыз, оның өзіне қол жұмсағанына сенбейміз. Бүкіл отбасымызбен еліміздің Президентіне жүгініп, Дінмұхаммедіміздің қазасын әділ тергеуді сұраймыз. Ол Отанға қызмет етуге барды, өлу үшін емес, – дейді Енлік. 
 

Тэгтер:

әскер қайғылы жағдай сарбаз өлімі Дінмұхаммед Шынарбек