Үш адам қаза тапты: Қарағандыда пойыз бен жеңіл автокөлік соқтығысты

Бүгін, 11:57 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Қарағанды облысында теміржол өткелінде болған жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы жағдай Ақадыр – Қарағанды бағытындағы Жарық-Дария учаскесінде орналасқан күзетілмейтін, реттелетін өткелде тіркелген.

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің мәліметінше, сағатына 92 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі жолға кенет шығып кеткен Mazda автокөлігін көріп, бірден тежеу жүйесін іске қосқан. Алайда соқтығысты болдырмау мүмкін болмаған.

Көлік жүргізушісі мен екі жолаушы алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Жағдай бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді.

"ҚТЖ "ҰК" АҚ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады және жол қозғалысының барлық қатысушыларын теміржол өткелдерінде жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Түнде апат қаупі артқан кезде ерекше назар аудару қажет", – делінген мәліметте.

Тэгтер:

пойыз теміржол