Бүгін ірі астероид Жер маңынан ұшып өтеді

Бүгін, 12:43 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

18 қыркүйекте Жердің қасынан Ай орбитасының диаметріне шамалас қашықтықта биылғы ең ірі аспан денелерінің бірі – FA22 астероиды  ұшып өтеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Ресей Ғылым академиясы Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасы мен Сібір бөлімшесінің Жер физикасы институты мәлімдеді, деп жазды ТАСС.

«Жылдың ең ірі астероидтарының бірі – 2025 FA22 – ертең, 18 қыркүйекте, Жерден Ай орбитасының диаметрінен сәл артық қашықтықта өтіп, таңертең Мәскеу уақыты бойынша шамамен сағат 10-да планетаға ең жақын нүктеге жетеді», – делінген хабарламада.

Анықталғандай, аспан денесінің орташа көлемі – 166 метр, ұзындығы – 290 метр. Ал массасы Челябинск метеоритінен шамамен 1000 есе ауыр. «2025 жыл ішінде бұл, шамасы, Жерден миллион шақырымнан аз қашықтықта ұшып өткен ең ірі (немесе ең ірі астероидтардың бірі) тас болып отыр», – дейді ғалымдар.

Мамандардың айтуынша, Жермен соқтығысу ықтималдығы «нөлге тең».

Тэгтер:

жер Астероид Челябинск