Қайрат Сатыбалдының базары сатылады

Бүгін, 14:19 / Қайсар Қалам
Сурет: Inform.kz

Бұл Қайрат Сатыбалды өз еркімен мемлекетке қайтарған «Байсат» базары. Қайтарылған активтерді басқару компаниясы хабарлағандай, аукцион 2025 жылдың 18 қарашасында өтеді. Бастапқы баға — 28,6 миллиард теңге, деп хабарлайды Arasha.kz.

2024 жылы «Байсат» базарының қағаз жүзінде Қайрат Сатыбалдының ұлы Бауыржан Нұрсұлтанға тиесілі бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылған. Алматыдағы СМЭС үш нысаннан (жалпы аумағы 4 221,4 шаршы метр) және 1,4 гектар жерден тұратын бұл мүліктің Бауыржанға тиесілі өзара аффилирленген компаниялардың қолында болғанын анықтады.

Ал сот алды тергеу аясында Қайрат Сатыбалды «Байсат» базарының негізгі бөлігін өз еркімен мемлекетке қайтарды.