Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өртті сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда, деп хабарлайды Arasha.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт ошақтары инертті материалдармен жабылып, топырақ тығыздалуда. Сондай-ақ тлеуші қалдықтарға су жеткізу үшін арнайы инъекциялық әдіс қолданылуда. Су үздіксіз үш нүктеден беріліп, тәулік бойы жұмыс жүргізілуде.
Өрт 15 қыркүйекте басталған. Оны сөндіруге 150-ге жуық адам мен 70-тен астам техника тартылды. 17 қыркүйекте полигон периметрі бойынша ашық жалын тоқтатылды.
Алматы тұрғындары түтіннен денсаулыққа шағымданды. Акимат ауа сапасына мониторинг жүргізгенін хабарлады. Telegram-арналардың дерегінше, Алматы ауаның ластануы бойынша әлемде екінші орынға шыққан.