Алматыда гранит плиталарды ұрлау ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 17:02 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Бостандық ауданының полициясы Үлкен Алматы өзенінің жағасынан гранит плиталарын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аталған ұрлық дерегіне байланысты Бостандық ауданының полиция басқармасы ҚР заңнамасына сәйкес кешенді тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін қоғам белсендісі Санжар Боқаев түнде Үлкен Алматы өзенінің жағалауынан гранит плиталарын көлікке тиеп әкетіп жатқанын видеоға түсірген. Қала мүлкі болып саналатын плиталар құлпытас дайындайтын цехқа жөнелтілген.

Тэгтер:

алматы Ұрлық гранит плитка Санжар Боқаев