Вашингтонда Трампқа ескерткіш орнатылды

Бүгін, 17:16 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трампқа Вашингтондағы Капитолийдің қарсы бетінде алтыннан жасалған алып ескерткіш қойылды. Бұл туралы ABC 7 телеарнасы мәлімеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Америкалық көшбасшы езу тартып тұрған кейіпте бейнеленген, қолында биткоин белгісі қашалған алып монета ұстап тұр. Төрт метрлік мүсінді орнатуға инвесторлар демеушілік еткен.

«Бұл инсталляция мемлекеттік валютаның болашағы туралы пікірталасқа түрткі болып, заманауи саясат пен қаржылық инновациялардың өзара байланысын бейнелейді», – деді криптоинвесторлар қауымдастығының өкілі Хичем Загдуди.

Ол бұл ескерткіш америкалықтарды әлемдегі криптовалютаның өсіп келе жатқан ықпалы жайында ойлануға итермелейді деп үміттенетінін айтты. Ескерткіш тек бір күнге ғана қойылғаны, әрі қарайғы тағдыры әзірге белгісіз екені нақтыланды.

Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-ты «биткоин-державасына» айналдыруға уәде берген болатын.

2 наурызда Ақ үй басшысы елде стратегиялық криптовалюта резервін құру туралы мәлімдеді. Ол бұл жарлық АҚШ-ты «әлемдік криптовалюта астанасына» айналдыруға бағытталғанын атап өтті.

Крипторезерв шамамен 200 мың биткоинды қамтуы мүмкін. Оны қалыптастыру федералды үкіметке тиесілі, қылмыстық не азаматтық істер барысында тәркіленген биткоиндар есебінен жүзеге асырылады.

Бұған дейін Трамп АҚШ өз мемлекеттік қарызын криптовалюта есебінен өтей алатынын айтқан еді.

Тэгтер:

ескерткіш Трамп криптовалюта