Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымын қалай жойып жатыр?

Бүгін, 09:23 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Украина Ресейдің мұнай өңдеу қуатының 40%-дан астамын жартылай немесе толық істен шығарды. Сонымен қатар, Еуропалық одақ (ЕО) пен АҚШ-та Ресейдің мұнай-газ секторына қысымды күшейтіп отыр, оны Украинаға қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу үшін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ресейлік «Транснефть» компаниясы өндірушілерді украиналық дрондар Ресейдің маңызды экспорттық порттары мен мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) шабуыл жасағаннан кейін өндіріс көлемін қысқартуға тура келуі мүмкін деп ескерткенін Reuters агенттігі салалық дереккөздеріне сүйене отырып хабарлады.

Агенттік атап өткендей, тамыз айынан бастап Киев Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуылдарды жиілеткен. Бұл қадам Ресейдің Украинадағы әскери іс-әрекеттеріне кедергі келтіріп, Мәскеудің табысын азайтуға бағытталған. Өйткені қақтығысты бейбіт келіссөздер арқылы тоқтату әрекеттері тығырыққа тірелген.

Украина Қара теңіздегі мұнай экспорттық инфрақұрылымына, Новороссийск маңындағы порттарға және Шесхарис мұнай базасына соққы жасауда. Бұл базаға мұнай көпжолақты құбырлар арқылы жеткізіліп, танкерлерге тиеледі. Жолда орналасқан мұнай айдау станциялары да соңғы уақытта дрон шабуылдарына жиі ұшырауда.

Сарапшылардың айтуынша, Ресейде АҚШ пен Қытайдағыдай стратегиялық мұнай қоры жоқ, сондықтан артық мұнайды «Транснефть» құбырларынан басқа жерде сақтай алмайды. Reuters ақпаратының растығын «Транснефтьтің» терістеуі де жанама түрде дәлелдеуі мүмкін: ресейлік компаниялар мұнайдың бір бөлігін өндіруді тоқтатуға мәжбүр болады.

ОПЕК+ соңғы келісіміне сәйкес, Ресейдің мұнай өндіру квотасы тамыздағы тәулігіне 9,344 млн баррельден қыркүйекте 9,449 млн баррельге дейін артуы тиіс.

2025 жылғы тамыз айында Ресейдің мұнай мен мұнай өнімдері экспорты тәулігіне 7,26 млн баррельге дейін қысқарды. Бұл шілде айымен салыстырғанда 1%-ға төмен, деп хабарлайды Халықаралық энергетикалық агенттік.

Мұнай экспортынан түскен кіріс 6%-ға азайып, 13,51 млрд долларға дейін төмендеді. Мұнай жеткізу көлемі тәулігіне 30 мың баррельге, ал мұнай өнімдері 40 мың баррельге кеміді. Мұнайдан түскен табыс 8,76 млрд долларды құрады (4,25%-ға аз), ал мұнай өнімдерінен түскен кіріс 4,76 млрд долларға дейін түсті (11,5%-ға төмен).