Трамп: Путин мені жерге қаратты

Бүгін, 11:12 / Қайсар Қалам
Сурет: ВВС

АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірлескен баспасөз мәслихатында президенттік қызметіне кіріскелі бері «шешілмейтін» және «келіссөзге жатпайтын» жеті соғысты «шешуге» қол жеткізгенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Маусым айындағы саммитте НАТО қорғанысқа ЖІӨ-нің 5%-ын жұмсауға міндеттеме алғаннан кейін, Трамп Украинадағы соғысты аяқтау ең оңай болады деп ойлағанын, оны Ресей президенті Владимир Путинмен қарым-қатынасына сүйеніп түсіндірді.

Бірақ, Трамп: «ол мені жерге қаратты» деді.

Тамыз айында Трамп Владимир Путинді Аляскада қабылдап, Украинада атысты тоқтату жөнінде келісімге қол жеткізуді үміт еткен. Трамп «айтарлықтай ілгерілеушілікке» қол жеткізгенін айтқанымен, бейбітшілік туралы келісімге әлі қол жеткен жоқ.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін де өзі тоқтатты деп мәлімдеген жеті соғыс жайлы айтқан болатын. Осыған байланысты BBC Verify, яғни Би-би-сидің фактчекинг бөлімі, Трамп атаған қақтығыстарды зерттеп, шын мәнінде оның қанша соғысты тоқтатқанын анықтауға тырысқан.
 

Тэгтер:

Путин украина Трамп соғыс