Қазақстанның банк карталарын қашықтан рәсімдеген ресейліктер тергеліп жатыр

Бүгін, 12:01 / Қайсар Қалам
Сурет: notitransportes.com

Бұл жағдай Қазақстанда ЖСН-ді (жеке сәйкестендіру нөмірі) алуға көмектескен адамдарға қатысты істермен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Осторожно, новости» басылымының хабарлауынша, қыркүйек айының басынан бері Ресейде бірнеше азамат полицияға шақырту алған. Ресейлік Құқық қорғаушылардың айтуынша, «мыңнан аса адам» тексерілуі мүмкін. Адамдар карталарды қашықтан рәсімдеген – мұндай мүмкіндік 2023 жылдан бастап тек арнайы сервистерде ғана емес, ірі ресейлік қаржы ұйымдарында да болған. Ол үшін Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алып, оны рәсімдеуге паспорт фотосын және өтініш көшірмесін жіберу қажет болған.

2024 жылдың ақпанында Қазақстанда қашықтан ЖСН алуға тыйым салынды (кейін карталар беру шарттары да күшейтілді). Алайда ресми тыйымнан кейін де «көмекшілер» арқылы нөмір алу мүмкіндігі сақталған. Керісінше, тыйым жаңа сұраныс толқынын үдеткен. Жыл соңына қарай тыйымнан кейін алынған көптеген ЖСН-дер жойылыпты. Қазір ЖСН мен карталарды алған ресейліктерге полиция қоңырау шалып, оларды жауапқа шақырып жатыр. Кейбіріне Қазақстанда іс қозғалғанын айтқан, бірақ ресми түрде бұл туралы мәлімет жоқ. Тергеуге шақырылған адамдардың өздері «Осторожно, новости» басылымына түсініктеме бермеген.
 

Тэгтер:

банк картасы ЖСН Ресей азаматтары