Қазақстанда сәбилерді 500 мыңнан 1,5 млн теңгеге дейін сатқан

Бүгін, 13:45 / Қайсар Қалам
Сурет: pexels

Жыл басынан бері Қазақстанда балалар саудасына қатысты 19 қылмыстық іс қозғалды. Мәселе асырап алу мақсатында сатылған жаңа туған нәрестелер жайлы болып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Адам саудасымен күрес басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаеваның айтуынша, бұл схемада баладан бас тартуға дайын ата-аналар, бала сүйе алмай жүрген отбасылар және осыны кәсіпке айналдырған делдалдар қатысқан, деп жазды ZTB news телеграм арнасы. 

Оның сөзінше, мұндай қадамға әртүрлі себеп итермелейді: бірі сәбиді асырап-бағуға шамасы келмегендіктен, бірі жүктілікті жоспарламағандықтан, енді бірі тек ақша табуды мақсат еткен.
 

Тэгтер:

полиция бала сәби сату