Әлеуметтік желілерде танымал әнші Димаш Құдайбергеннің белгісіз аруды құшақтап, сүйіп тұрған суреті жарияланды, деп жазады Skifnews.kz.
Кадрларда Димаштың Назерке есімді бойжеткенмен түскені байқалады. Суретке қоса, оның күйеу баласы Ермахан Айымханның "Өзің барда" әні қойылған.
Алайда көпшілік мұндай кадрлардың шынайылығына күмән келтіріп отыр. Пікір қалдырғандар арасында бұл суреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғанын айтқандар аз емес.
«Бақыт тыныштықты қалайды», «Димаш, шыдамамызды тауыспашы. Егер сен үйленген болсаң, біз қуанып қалар едік», «Бақытты болыңдар», «Қарындасы ғой, көрініп тұр», «Қарындасын артынан құшақтамайтын шығар», «Фотошоппен жасалған ғой», «Жасанды интеллект екені көрініп тұр ғой», «Бір біріне ұқсайды екен», «Қалыңдығы ма?» – деп жазды желі қолданушылары.