Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің бірінші әйелі Әсел әлеуметтік желідегі парақшасында биылғы күздің өзіне оңай соқпағанын ашық жазды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Әселдің айтуынша, қыркүйектің екінші аптасы ұлы Аңсардың жарақатына байланысты алаңдаушылықпен өткен.
"Қыркүйектің екінші аптасы аяқталып келеді. Бұл – жаңа оқу жылының да екінші аптасы. Апта біршама күйзелісті өтті. Ұлым Аңсардың тізесіне физиотерапия емін алып жүрміз. Дәрігер маған бұрын-соңды естімеген ауыр сөз айтты – "бурсит". Енді күн сайын ем-домға барамыз. Сонымен қатар, жаттықтырушыға сенімхат рәсімдеудеміз. Күзгі демалыста команда Ташкентке турнирге бармақ. Мен ұлымның жарақатын уайымдаймын, ал ол спорттық формасын жоғалтып аламын ба деп қорқады", – дейді ол.
Балаларына уақыт бөлуге тырысқанын айтқан Әсел қызы Асылдың да жетістіктерімен бөлісті.
"Үйдегі жөндеу жұмыстары да соңғы кезеңге таяды. Үш күннен бері жиһаз орнатып жатыр, бірақ өлшемдердегі қателіктер салдарынан шеберлер қайта-қайта түзетулер енгізуде. Кілемдерді химтазалауға бердім. Аулада құрылыс қалдықтары үйіліп тұр, шығарып тастау үшін көлік іздеудемін. Қызым Асыл жаңа екі музыкалық шығарма үйреніп жатыр. Біз бірге ноталарды талдаймыз. Бұл жерде бір нәзік тұс бар: балаға жанында болып, бағыт көрсету керек, бірақ бәрін өзің істеп бермеу маңызды. Бұл үшін темірдей төзім қажет, ал бұл ата-аналық ең үлкен сынақтардың бірі. Кейде нотадан көзімді алып, терезеге қараймын – күздің жылы, қанық бояуларын ішіме сіңіргім келеді. Тауда серуендеп, фотосессия жасап жүрген адамдардың стористеріне қызғанышпен қараймын. Жеке дамуға деген ой да маза бермейді. Әсіресе қырықтан асқан соң бұл сезім анық білінеді. Алда – кітап фестивалі, оған романымды таныстыруға дайындық қажет. Бұрын құрылыс жобаларының презентациясын жасайтынмын, ал қазір өз кітабымның таныстырылымын неден бастарымды білмеймін. Басқа авторлардың тәжірибесіне қарап жүрмін. Көңілде тұрған тағы бір міндет – анкета толтыру. Қазан айында қайтадан оқуға барамын. Иә, маған 40+, бірақ мен әлі де үйреніп жүрмін. Ана ретінде жауапкершілік, тұрмыстық шаруалар және өзін-өзі жүзеге асыру арасындағы тепе-теңдікті таба отырып, ең бастысы – күзді өткізіп алмау. Күз тым қысқа…" – деп қорытындылады ол.