Енді «қой», «көкөніс» деген сөздерді айтсаңыз сотталасыз

Бүгін, 22:27 / Arasha.kz
Фото: коллаж arasha.kz

Енді "көкөніс" деген сөзді де адамды қорлау деп танитын болған екен. Бұл туралы Ateo Breaking телеграм арнасы жазды. 

Бұған дейін Ресейдің Пермь өлкелік соты «қой» деп айтуды азаматтың ар-намысына тиетін сөз деп бағалап, моральдық өтемақы ретінде жәбірленушіге 20 мың рубль төлеу туралы шешім шығарды. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы хабарлады.

Оқиға Пермь өлкесіндегі Лысьва қаласында болған. Бастапқыда аудандық сот «қой» сөзін қорлау емес, адамның жеке басына қатысты субъективті пікір деп есептеп, талапты қанағаттандырмаған еді. Сот ол үшін орыс тілінің сөздігін негізге алған. Онда «қой» сөзі тікелей мағынада – күйіс қайыратын жануар, ал ауыспалы мағынада – дұрыс жолдан тайған адам деген түсінік берілген.

Алайда апелляциялық алқада арнайы тіл мамандарының сараптамасы жүргізілді. Сарапшылар даулы жағдайда бұл сөздің теріс мәнге ие екенін және жанжал кезінде әдейі қарсы тарапты қорлау, кемсіту үшін қолданылғанын анықтаған. Соның негізінде аудандық соттың шешімі өзгертіліп, талапкердің пайдасына шешім шықты.

Тэгтер:

сот көкөніс қой қорлау сөздер