Адам етін жеген қазақ қызы немесе ұлт кешке зұлмат

Бүгін, 22:47 / Arasha.kz

1931-1932 жылдары қазақ даласына екінші үлкен аштық келеді. Бұл аштық түгел қазақ даласын қамтиды. Коммунистік тарихты жақтаушылар алғаш сол аштықтың құрбандары деп 1 миллион деп айтқан екен. Мақаш Тәтімов 1,5 миллион деп айтса, кәмпеске кезін зерттеген тарихшы Талас Омарбеков 2,2 миллион деп келтірген екен. Жазушы Мұхтар Мағауин бұл екі дерекке де сенбейді: аштыққа ұшыраған халықтың саны 3 немесе 4 миллионнан асты дейді. 

1931 жылы бұл аштыққа қазақ зиялылары да өз қарсылықтарын білдіре бастайды. Солардың ең ірісі – Ғабит Мүсірепов бастаған қазақ зиялыларының хаты еді, бұл халық арасында "Бесеудің хаты" деп аталған. Осылай деп шағым айтқан Мүсіреповке Голощекин "қазақ даласында аштық жоқ" деп айтып, жазушыны Торғайға жер аударып жібереді. Ғабит Мүсірепов Торғайға барар жолында атқару комитетінің хатшысына жолығады. Бұл хатшы: "Ол жаққа бармаңдар, ол жақта үсіп өлесіңдер, әйтпесе жеп қояды", – дейді. Ғабит Мүсірепов бұған тоқтамайды, қасында партия қызметкері бар. Торғайға жеткен кезінде аштыққа ұшыраған халықты, мәйіттерді де, тіпті адам жеп жүрген 7-8 жасар қазақ қызын көреді.

Талас Омарбеков Ұзынағаштағы аштықтың дерегін архивтен оқыған кезде бір баланың адамның басын теуіп ойнап жүргенін айтады. Ал Тұрсын Жұртбай "Ұраным – Алаш" еңбегінде Алматыдағы аштық туралы жазады. Жазушы Алматыдағы аштықтан қайтыс болған адамдар мен олардың мәйіттерін жинап жүрген билік өкілдерін жазады. 

Бұл дерек жазушы Бағашар Тұрсынбайдың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Тэгтер:

аштық Бағашар Тұрсынбай