Алматыда такси жүргізушісі 18 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

21 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Қыз алдыңғы кеште жоғалып кеткен – шамамен сағат 23:00-де туыстарына көмек сұрап хабарлама жіберіп, содан кейін байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кейін ол табылды. «НеМолчи» қорының хабарлауынша, бұрын қызды ұнытпы жүрген, таныстығы шамалы ер адам алып кетіп, зорлаған.

Жақындарының айтуынша, оқиғадан кейін жәбірленушіні бірнеше сағат бойы тергеп, «бір РОВД-дан екіншісіне сүйреген», тек прокурор қоңырау шалған соң ғана істі ресімдей бастаған.

«Біз шұғыл сараптама жүргізуді және қылмыскерді қамауға алуды талап етеміз. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді, демек қазір Алматыдағы кез келген қыз осы зорлықшының көлігіне тап болса, қауіпті жағдайда қалуы мүмкін», – деді қордағылар.

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, изоляторға қамалған. Жәбірленушінің арызынан кейін Медеу аудандық полициясы қылмыстық іс қозғаған. Тергеу жалғасуда.
 

Тэгтер:

полиция такси зорлық НеМолчи