Мәдениет министрі Қазақстанның «Интервидениедегі» жеңілісіне қатысты пікір білдірді

21 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: t.me/intervision_world

Ресейде өткен алғашқы «Интервидение» байқауының нәтижелері белгілі болды. Қазақстан атынан қатысқан әнші Әмре үздік үштікке енген жоқ. Байқаудың қорытындысы «Интервидение» ресми Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Вьетнам атынан өнер көрсеткен Дык Фук жеңімпаз болып танылды. Ол Phù Đổng Thiên Vương әнін орындап, қазылар алқасынан 422 ұпай жинады.

Қазақстанды «Славян базары» байқауының жеңімпазы Ернар Садырбаев (Amre лақап атымен танымал) және сегіз жастағы Жасмин Қайратқызы таныстырды.

Еліміздің өнерпаздары жетінші орынға табан тіреді. Үздік үштіктен бөлек, Қазақстаннан алға Беларусь, Тәжікстан және Колумбия шықты.

Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева өз Facebook парақшасында Әмреге арнап жазба қалдырып, байқау нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

«Қайырлы күн, Ернар! Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғыры деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!», - деп жазды министр.
 

Тэгтер:

аида балаева Интервидение Amre