Алматы тұрғындарының мобильді телефондарына жер сілкінісі жайлы ескерту хабарламалары келе бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.
21 қыркүйек күні сағат 16:25-те ТЖМ сейсмостанциялар желісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде жер асты дүмпулерін тіркеді.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 3,8, энергетикалық класы – 7,2. Мамандардың есептеуінше, бұл дүмпу сезілмейтін деңгейде болған. Алматыда да ешкім оны сезген жоқ.