Димашпен құшақтасып тұрған бойжеткеннің кім екені мәлім болды

21 қыркүйек, 2025 / Arasha.kz
SN.kz

Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің белгісіз бойжеткенді сүйіп тұрған суреті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кадрдан Димаштың Назерке есімді аруды құшақтап тұрғанын көруге болады. Сондай-ақ, бейнеге әншінің күйеу баласы Ермахан Айымханның «Өзің барда» әні қойылған.

Алайда көпшілік бұл суреттер шынайы емес, жасанды интеллект арқылы жасалған деген пікірде.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:
«Бақыт тыныштықты сүйеді», «Димаш, шыдамымызды тауыспа. Үйленген болсаң, біз қуанар едік», «Бақытты болыңдар», «Қарындасы ғой, анық көрініп тұр», «Қарындасын артынан құшақтамайтын шығар», «Фотошоп қой», «Жасанды интеллектпен жасалғаны білініп тұр», «Бір-біріне қатты ұқсайды екен», «Қалыңдығы ма?» – деп жазды олар.