Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Arasha.kz.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды", – делінген жексенбі күнгі хабарламада.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясының жалпы пікірталастарында сөз сөйлейді.
"Сапар аясында Президенттің шетел мемлекеттері басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен кездесулері жоспарланған. Бағдарламаға сондай-ақ дөңгелек үстел отырысында сөз сөйлеу және трансұлттық компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізу кіреді. Онда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады", – деп қосты Ақорда.