Алматыда жасөспірімдер автобус ішіндегі ер адамның орынсыз әрекетін видеоға түсіріп алған. Қазір полиция тексеріс жүргізіп, оның тұлғасын анықтап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Threads әлеуметтік желісінде жарияланған видеода ер адам қала автобусында сөмкемен бетін бүркемелеп, мүшесін сипалап отырғаны байқалады.
Пікірлерде көпшілік оқиға орнында неге полиция шақырылмағанын айтып, наразылық танытуда. Автордың айтуынша, видеоны қарсы алдында отырған 13 жастағы қыздар түсірген. Олар болған жағдайды үйіне келген соң ата-анасына көрсеткен.
Полиция департаменті аталған жайт бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
«Ер адамның жеке басы анықталды, оны ұстау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары қабылданып жатыр. Мұндай әрекет қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып саналады, айналадағы адамдардың ар-намысына тиеді және біздің қаламызда жол берілмейді», – деп түсіндірді ПД.
Құқық қорғау органдары мұндай жағдайлар туралы бірден «102» телефонына хабарлау қажеттігін еске салды.