Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы мен жусаны қойылды (ВИДЕО)

22 қыркүйек, 2025 / Arasha.kz
Alash.kz коллажы

АҚШ-тың астанасы Вашингтонда жерленген қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған топырақ пен жусан апарылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл – халқымызда ертеден қалыптасқан "топырақ апару" дәстүріне сәйкес атқарылған рәсім.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин ата-баба жерінен алынған топырақты әкесінің бейітіне қойып, аманат орындады. Сондай-ақ, зиярат етуге Вашингтондағы Kazakh American Association ұйымының өкілдері де қатысып, тағзым етті.

Тэгтер:

АҚШ Мұхтар Мағауин