«Империя дәуірі аяқталды, ол қайта құрылмайды»: Эстонияның Ресейге ескертуі

23 қыркүйек, 2025 / Arasha.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Бұған Ресей әскери ұшақтарының Эстония әуе кеңістігін бұзып кіруі себеп болды. Бұл – тарихта алғаш рет Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы Эстонияның тікелей өтініші бойынша шақырылып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Отырыста бірқатар елдің өкілдері Ресейдің әрекетін халықаралық құқықты елемеу деп бағалады. Әсіресе Польшаның сыртқы істер министрі Радослав Сикорскидің мәлімдемесі қатаң болды. Ол Ресей делегациясына тікелей қарата сөйлеп, Мәскеудің ұстанымын сынға алды.

«Сіздердің халықаралық құқықты құрметтемейтініңізді білеміз. Көршілеріңізбен бейбіт өмір сүре алмайтыныңыз анық», – деді министр.

Оның айтуынша, Ресейдегі «шектен шыққан ұлтшылдық» үстемдікке ұмтылудан арылмаған. «Бірақ империялар дәуірі әлдеқашан аяқталды. Сіздер армандап отырған империя ешқашан қайта құрылмайды», – деді Сикорски.

Польша өкілі НАТО аумағына төнетін қауіпке де тоқталды. «Егер тағы бір ресейлік зымыран немесе ұшақ біздің әуе кеңістігімізге рұқсатсыз кіріп, атып түсірілсе, ал оның сынықтары НАТО жеріне құласа – бізді айыптап шағымданбаңыздар. Бұл туралы алдын ала ескертілдіңіздер», – деді ол.

Тэгтер:

ресей бұұ Ұшақ Қауіпсіздік кеңесі Эстония