Франция президенті Эммануэль Макрон Нью-Йоркте ерекше жағдайға тап болды. Америкалық полицейлер оның кортежін АҚШ президенті Дональд Трамптың колоннасы өтіп жатқандықтан тоқтатқан, деп хабарлайды Arasha.kz. BFMTV-ге сілтеме жасап.
Оқиға 22 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы Макронның сөзінен кейін орын алған. Ғимараттан шыққан француз көшбасшысы Трамптың кортежі өтіп кеткенше көшеде күтуге мәжбүр болды.
«Кешіріңіз, мырза президент, қазір бәрі жабық», – деді полицей жақындап келе жатқан колоннаны нұсқап.
Жарияланған кадрларда дәл осы сәтте Макрон американдық әріптесіне қоңырау шалғаны көрінеді.
«Елестетіп көрші, мен қазір көшеде сені күтіп тұрмын, өйткені бәрін сен үшін жауып тастады», – деп әзілдеді ол телефон әңгімесінде.
Бірнеше минуттан соң көшені ашты, бірақ тек жаяу жүргіншілерге. Соның салдарынан француз президенті елшілігіне кетудің орнына Трамппен әңгімесін тротуарда жалғастырды.