23 қыркүйек күні кешкісін Алматы халықаралық әуежайында Salem Entertainment командасымен бірге әлемдік деңгейдегі актер байқалды. Бұл тосын сапардың мән-жайын Kinorepublic анықтап жатыр.
Редакциямызға жақын дереккөздердің айтуынша, аңызға айналған кинематографистің Қазақстанға келуі кездейсоқ емес. Инсайдерлер эксклюзивті ақпарат уәде етіп отыр.
Бұл оқиға Алматының мәдени әрі кинематографиялық орталық ретіндегі әлеуетін тағы бір мәрте айқындағандай. Сарапшылардың пікірінше, қала болашақта халықаралық киноиндустрияның жаңа тартылыс нүктесіне айналуы ғажап емес.
Алматыны әлемдік киноның жаңа ордасына айналдыра аламыз ба? Бұл сұрақ алдағы күндері қоғамда қызу талқыланатыны анық.