Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
«ҚР ІІМ Интерпол ҰОБ сұрауы бойынша ФРГ-ның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат Д. ұсталды. Іздестірілуші тұлға неміс құқық қорғау органдары тарапынан Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықталып, қамауға алынды. ҚР ІІМ шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде жалғастыруда, жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету мақсатында», – деп хабарлады Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қытайда Интерполдың бас хатшысы В. Уркизамен кездескен болатын.
Еске сала кетейік, 1 қыркүйекте Дүйсеновтің, бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың экс-қоластындағы қызметкер екенін, халықаралық іздеу жарияланғаны хабарлаған.