Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын

Бүгін, 09:43 / Қайсар Қалам
Сурет: ашық дереккөзден

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Оның таңдауы бар. Трамптың командасы да, менің командам да, еуропалықтар, соның ішінде Макрон мен басқа да лидерлер, сондай-ақ Түркия президенті – мен Эрдоганның Еуропада болғанын білемін, бәріміз, біздің барлық командаларымыз кездесуді Түркияда, Сауд Арабиясында, Катарда, бейтарап Еуропада – мысалы, Австрияда, Швейцарияда ұсындық. Сондықтан біз: тіпті қаласаңыздар – Қазақстан сияқты бір жерде кездесейік, дедік», – деді Зеленский сәрсенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында.

Ол дәл қазір кездесуге дайын екенін атап өтті.

«Мен оны Киевке шақырған жоқпын. Мен: «Қараңыздар, егер ол менімен кездескісі келмесе…», – дедім. Әрине, Путиннің жағдайында – мен оның көзқарасын айтып отырмын – ол мені Мәскеуге шақырады. Бұл тек кездесуді кейінге қалдыру үшін жасалатын қадам ғана. Болды. Мен: «Бұл – менің оны Киевке шақырғаныммен бірдей нәрсе», – деп түсіндірді Зеленский.
 

Тэгтер:

Путин қазақстан Зеленский