Атырауда ер адам ойын алаңында баланы ұрып тастады

Бүгін, 12:20 / Қайсар Қалам
Сурет: видеодан скрин

Полиция мәліметінше, белгісіз ер адам ойын алаңына келіп, баланы күшпен беседкадан сүйреп шығарған да, бірнеше рет жұдырықпен бетінен ұрған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Адамдар араласпағанда, оқиғаның немен аяқталары белгісіз еді.

Осыдан кейін бұзақы оқиға орнынан қашып кеткен.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың дене жарақаты жеңіл дәрежеде деп бағаланды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Қазір күдіктіні іздестіру жұмыстары жүріп жатыр: полиция бейнабақылау камераларын тексеріп, куәгерлерден жауап алуда. Қылмыстық іс қозғалды.
 

Тэгтер:

полиция бала атырау соққы