"Фонограммамен ән айтуға тыйым салынады": Мәжілісте ел асыға күткен заң қабылданды

Бүгін, 18:09 / Arasha.kz
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаттары мәдени-бұқаралық шараларда фонограмманы қолдануға шектеу енгізетін түзетуді қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Instagram парақшасында хабарлады. Жаңа нормаларға сәйкес, енді концерттерде, ойын-сауық кештерінде және мәдени іс-шараларда әртістер тек жанды дауыста ән айтуға міндетті болады.

"Бұл бастама қазақ өнерінің сапасын арттыруға, әншілердің кәсіби деңгейін көтеруге, халықтың мәдени талғамын қорғауға бағытталған. Өнер халыққа адал болуы керек. Фонограммасыз мәдениет – таза, шынайы өнердің кепілі", – деді депутат.

Тэгтер:

депутат Еділ Жаңбыршин