"Украина өз жерін қайтарып алады": Трамп даулы мәселеге нүкте қойды

Бүгін, 19:03 / Arasha.kz
Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясында сөйлегеннен кейін және Нью-Йоркте Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен кездесуден соң Киевке қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Трамп Ресейдің 3,5 жылдан бері жүргізіп келе жатқан соғысын "бос әрі нәтижесіз" деп сипаттап, "шынайы әскери держава мұндай соғысты бір аптаға жетпей аяқтап алар еді" деді.

АҚШ президенті Truth Social желісінде жариялаған жазбасында Украина Еуропалық Одақ пен НАТО-ның қаржылық әрі әскери қолдауы арқасында соғыс басталғандағы шекарасын қайтаруға қауқарлы екенін атап өтті.

"Уақыт өте келе, Еуропа мен НАТО көмегінің арқасында Украина бастапқы шекарасын қайтарып алуы ықтимал. Ресей үш жарым жылдан бері текке соғысып келеді, ал нағыз әскери мемлекет мұндай шайқаста бір апта ішінде жеңіске жетер еді", – деп жазды ол.

Сонымен бірге Трамп Киев "бұдан да үлкен жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін" екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, Ресей де, Владимир Путин де қазір ауыр экономикалық қиындыққа тап болып отыр. Бұл Украина үшін белсенді қадам жасауға қолайлы кезең екенін айтқан Трамп НАТО қару-жарағын жеткізуді жалғастыратынын да уәде етті.

Тэгтер:

Путин Трамп Зеленский