Елде алғашқы атом электр станциясына атау таңдау бойынша байқау жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Байқауға еліміздің барлық азаматы eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы қатыса алады.
Қатысу үшін тілді (қазақ немесе орыс) таңдап, өз нұсқаңызды енгізіп, қажет болса қысқаша негіздеме жазып, байқау ережелерімен танысқаныңызды растау жеткілікті.
Ұсыныстарды қабылдау 10 қазанға дейін жалғасады.