Ер адам тегін тамақ үшін абақтыға қайта түсті

25 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Рixabay

Ақмола облысында жалған теракт жайлы үшінші рет хабарлаған қойшы сотталды. Тамыз айында ол 112-ге қоңырау шалып, Астанадағы автовокзалда «бомба бар» деп айтқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тексеру кезінде ештеңе табылған жоқ.

Сотта ер адам шынын мойындап, колонияға қайта барғысы келгенін жеткізіпті. Оның сөзінше, абақтыда тегін тамақ, киім және баспана бар, ал бостандықта тіпті тұратын жері де жоқ.

Сот оның осындай «әзілдері» үшін екі рет түрмеде болғанын, бірақ сабақ алмағанын ескерді. Нәтижесінде ол қатаң режимдегі колонияға 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
 

Тэгтер:

сот бомба жалған ақпарат түрме тегін тамақ