Астанада алдағы күндері ЛРТ құрамы сынақ режимінде жүре бастайды

26 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: City Transportation Systems

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек журналистерге ЛРТ-ны іске қосуға дайындық барысын айтып берді. Оның сөзінше, алғашқы пойыз қыркүйектің 29-ы немесе 30-ы күні жолға шығады, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Алдымен алғашқы пойызды, мысалы, Мәңгілік ел көпірі бағытына шығарамыз. Кейін күн сайын станциялар мен пойыздар санын көбейтеміз. Бір апта ішінде екі станция арасында сынақ режимінде жұмысты көреміз. Жалпы тестілеу үштен алты айға дейін жалғасады. Қазанда сегіз пойыз келеді, ал желтоқсанға дейін барлық 18 құрама жеткізіледі», — деді қала басшысы.

Ол барлық құрамдар 2026 жылдың басында толыққанды қалаішілік режимде жұмыс істей бастайтынын тағы да атап өтті.

ЛРТ бағыттарындағы жолақы шамамен 200 теңге болады.

Бұған дейін астаналық жеңіл рельсті көліктің станция атаулары бекітілгені хабарланған болатын. Станциялардың тізімін алдыңғы материалдан көруге болады.
 

Тэгтер:

Астана көлік лрт