"Тукаға сенбеу керек еді": Тойда Майғазиевті Төлендиев алдап кетті (ВИДЕО)

26 қыркүйек, 2025 / Arasha.kz
Azattyq Rýhy

Әнші Сәкен Майғазиев пен белгілі әзілкеш Нұржан Төлендиев (Тука) тойда көпшіліктің көзінше күш сынасып, жұртшылықты күлкіге қарық қылды, деп Arasha.kz тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Желіде тараған бейнежазбада Сәкен Майғазиев: "Жезде, "отжимания" жасап жарысайық деп шақырып тұр. Мен 50 рет десем, ол 100 рет жасайық дейді. Кеттік онда", – деп бастама көтереді.

Майғазиев еш қиындықсыз жаттығуды орындап, өзінің шымыр қалпын көрсетті. Елу реттен асырған өнерпаздың қарым-қайраты мен дене бітімі көпшілікті таңғалдырды. Ал Төлендиев болса әдеттегідей қулығын танытып, тапсырманы жартылай ғана жасады.

Көрермендер желіде түрлі пікір қалдырды:
"Осылай істемесе, Тука бола ма?", "Сәкен аға шын мәнінде әділ орындап шықты", "Тукаға сенген Сәкен де оңбай қалды", "Тука Тукалығын жасады ғой".

Тэгтер:

сәкен майғазиев Нұржан Төлендиев