Путин Маңғыстауда полиция қызметін атқарып жүр

27 қыркүйек, 2025 / Қайсар Қалам
Сурет: Lada.kz

Маңғыстаулық полицейдің қатысуымен түсірілген видео әлеуметтік желілерде вирусқа айналды. Instagram қолданушылары полиция қызметкерінің есімін қызу талқылап жатыр — оның аты Путин Файзулла, деп хабарлайды Arasha.kz.

Lada.kz басылымы сақшымен сөйлесіп, оның ерекше есімінің шығу тарихын білді.

Мұнайлы аудандық полициясы «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген сәттен видео жариялаған еді. Бірақ желі қолданушыларының назарын акцияның өзі емес, полицейдің ерекше есімі аударды.

Біз тәртіп сақшысымен байланысып, мұндай есімді оған кім қойғанын білдік.

Путин Файзулла 2003 жылдың 24 қаңтарында Ақтауда дүниеге келген. Оған бұл есімді әжесі қойған екен. Сол кезде Ресей Федерациясы президенті қызметіне Владимир Путиннің тағайындалуынан шабыттанған.

«Путин» есімі көне славян тілінен шыққан және «жол» деп аударылады. Ол тек физикалық жолды ғана емес, сондай-ақ табысқа, көшбасшылыққа, мақсаттарға жету жолын да білдіреді», – дейді полицей.

Путиннің айтуынша, есімі оған ешқашан қолайсыздық туғызбаған. Керісінше, ол тез жатталып, адамдарға әрдайым жағымды әсер қалдырады және күлкі сыйлайды.

Путин Файзулла 2024 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет етеді. Қазіргі таңда Мұнайлы ауданындағы Дәулет пен Жаңа-Дәулет ауылдарында учаскелік инспектордың көмекшісі болып жұмыс істейді.

Ол үйленген, екі жасар қызы бар. Бұған дейін еркін күреспен айналысып, спорт шеберіне үміткер атанған.

Ашық мінезі мен достық қарым-қатынасының арқасында ол достары мен әріптестерінің ықыласына бөленсе, ерекше есімі әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін жаулап алды. Оның қатысуымен түсірілген видео көп қаралым жинап, жылы пікірлерге толы болды.
 

Тэгтер:

Путин полиция маңғыстау